Сөз шеберлері сайысы
Наурыздың 2-сі күні Семей қаласының № 37 гимназиясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл және қазақ тілінің жанашыры, журналист, сөз шебері Бәтташ Сыдықұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді...» атты сөз шеберлері сайысы өтті. Сайыс Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-инновациялық Заң университетімен бірлескен жұмыс аясында болды. Сайыстың мақсаты: Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің сөздерін