07
декабрь
2021
Республикалық экологиялық акцияның негізінде "Отбасылық" қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен өткен Республикалық " Экоасар" экологиялық акциясының қорытындысы бойынша марапаттаулар болды.
Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат – адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық”
