02
март
2022
02.03 күні 7-сынып қыздар арасында "Достық" тақырыбында танымдық сағат өтті.
Мақсаты: қыздардың достық туралы білімдерін кеңейту, достықты қадірлей білуге, ұжымдық қарым-қатынасқа дағдыландыру. 7-сынып қыздарының "Достық - ғажайып" құрама тобы мен 7 "А" сыныбының "Болашақ" тобы "Дос түсінігі" жəне "Адал дос" туралы постер жасап қорғады. Қатысушылар достық туралы пікір алысып, достық əні шырқалды. Сабақ барысында гимназия психологы қатысушылармен тренинг өткізді. Сабақ соңында "Жүректен жүрекке" кері байланысы жүргізіліп, алғыс хаттар табысталды.
Ұйымдастырушы: "Сыр мен сымбат" клубы


