03
март
2022
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 3 “А” сыныбында сынып жетекшісі А.Е.Қабақаеваның ұйымдастыруымен Е.Өтетілеуұлының “Әдептілік-әдемілік” кітабына Библиофреш өтті.
(Кітапқа қысқаша шолу)
Белгілі ақын Е.Өтетілеуовтың тәрбиелік мәні зор балаларға арналған өлең жолдары енген, әдемі безендірілген бұл басылым кішкентай оқырмандарды әдептілік атты таңғажайып әлемге қызықты саяхат жасауға шақырады. Кітап балаларға үйде, қонақта, мектепте, көшеде өздерін қалай ұстауды үйретіп,уақытында айтылған жылы сөздің қасиетін түсіндіреді.
Оқушылар кітаптағы әр бөлімдермен мұқият танысып, сұрақтарға жауап беріп,өз ойларымен бөлісті.

