04
март
2022
Наурыздың 4-і күні 5 «Ә» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша «ХХІ ғасырдың Қожасы» тақырыбында зерттеу сабағы болды. Сабақ барысында «Kahoot» бағдарламасымен повесттен алған білімдері тексерілді.
«Суреттер сөйлейді», «Тұжырым» кестесі әдістерін қолданумен қатар, «Даралық, ұқсастық» стратегиясы арқылы топтық жұмыста «Қожа қандай бала?», «Мінсіз оқушы деген кім?», «ХХІ ғасыр Қожасы» деген тақырыпта постер қорғатып, оқушылардың «Өзін –өзі және өзара бағалауларына» талдау жүргізілді. Сабақты жүргізгендер: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:Нургамысова Ш.М., Орынғожина Л.С.






