11
март
2022
11 наурыз күні "Дарынды бала - ұлт болашағы" атты шығармашылық және спорттық жетістіктерге жеткен гимназия оқушыларын марапаттау кеші өтті.
Қазақстан Республикасының Елбасы Қазақстан Республикасы халқына арналған Жолдауында – адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында», – деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар дара жол деп білеміз! Иә, шын мәнісінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің тізгінін мықтап ұстар, ел болашағы, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ертеңгі ел тағдыры! Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.
Кештің басты мақсаты: Білімнің қайнар бұлағына айналған, өнердің жарқын шырағына айналған, спорттың жас саңлақтарына айналған оқушыларымызды жетістіктерімен марапаттай отырып, басқа да оқушылар осы дарындыларға қарап үлгі алсын деген адал ниет!
Гимназиямызды қала, аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейге көтеріп жүрген оқушыларымыз бен жетекшілеріне денсаулық пен толағай табыстар тілейміз!