14
апрель
2022
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту сапасын бағалау бойынша зерделеу жүргізілді
2022 жылдың 13 сәуір күні «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕ АҚ мониторинг және педагогикалық өлшемдер бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.Алджамбекова, қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскері Г.А.Молдаханова, «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі М.Шакиртованың қатысуымен «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-сінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту сапасын бағалау бойынша зерделеу жүргізді. Атап айтқанда: өзін-өзі тану мұғалімдерінің сапалық құрамы; оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуі; өзін-өзі тану кабинеттерінің жағдайы мен өзін-өзі тану сабақтарына қатысу көрсеткіштері бойынша бағаланды. Өзін – өзі тану пәні бойынша 2 «В» сыныбында бастауыш сынып және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Б.М.Жұмағұлова «Әсемдік әлемінде» және 5 «Ә» сыныбында педагог-психолог, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ш.С.Серікқалиева «Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір» тақырыбында өткізілген сабақтарға оң бағасын беріп, алғыстарын білдірді.








