"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » «Жеңімпаздар шеруі-2022»
25
май
2022

«Жеңімпаздар шеруі-2022»

ccылка2

​​​
🏆Гимназиямызда 2022 жылдың 21 мамыр күні 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша гимназиямыздың намысын қорғап жүрген дарынды білім алушыларды марапаттауға арналған «Жеңімпаздар шеруі-2022» салтанатты жиыны өтті.

🔹Жеңімпаздар шеруіне ғылыми жобалар жүлдегерлерін дайындаған ғылыми жетекші, ардагер ұстаз - Ахметова Төлеуғайша Әмірғазықызы, «Ах-ау Семей» Ұлттық салт-дәстүр фольклорлық ансамблінің жетекшісі, ҚР мәдениет қызметкері - Аубакирова Гүлғайша Әзімханқызы, Семей аймағы бойынша Қазақ Ұлттық жекпе-жек федерациясының президенті, Алаш-прайд тұжырымының президенті- Кулчигичев Дәурен Бақытжанұлы, гимназия түлегі, ата-ана, камқоршылық кеңесінің мүшесі, М.ғ.к госпитальды хирургия кафедрасының доценті, PhD докторы, Медицина университетінің проректоры- Омаров Назарбек Бақытбекұлы, Ардагер ұстаз, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі- Кәрібаева Күлғайша Дикеновна, ардагер ұстаз, физика пәнінің мұғалімі- Каштекова Маржан Базарбаевна қатысып, оқушыларды марапаттады.

🔹Гимназиямыздың 106 оқушысы #Ғылым-білім бағыты бойынша, Республикалық, Халықаралық білімдік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздары, #Өнер бағыты бойынша гимназиямыздың айбынын асырып, даңқын асқақтатып жүрген Республикалық, Халықаралық байқаулар мен конкурстар жеңімпаздары, #Спорт бағыты бойынша Республикалық, Халықаралық сайыстардың жеңімпаздары «Гимназия мақтанышы» және «Жеңімпаз-2022» медалімен марапатталды.

🔹Жеңімпаздар шеруіне қатысқан барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге қажымас қайрат, шығармашылық ізденісте табыс тілейміз.💐👏
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив