01
сентябрь
2022
Оқушылардың құқықтық санасын кеңейтудің негізі – барлық қоғамдық топтардың, халықтың белсенді қызмет етуге және адам құқығының шеңберін кеңейтуге жол ашу.
Құқыққа немқұрайлы қарау қандай да бір шектен шығушылық, заңға жауыздықпен қарау, демократиялық формадағы «Не істегім келсе, соны істеймін» деген қарама – қайшылық кереғарлықтарды жою керек. Оның бірден бір жолы болып жастарға құқықтық тәрбие беру шараларының белсенділігі болып табылады. Осы орайда 01.09.22 ж күні Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полковник Закимов Елдос Дәулетқазыұлымен 9 - 11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында есірткі затын қолдануды болдырмау және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді.








