06
октябрь
2022
Ата-аналар жиналысы. 6 "А" сыныбы
Ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ата - ананың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру, мектеппен қарым - қатынастың тиімді моделдерін іздестіру, балалар өмірінде ата - аналардың рөлі маңызды екендігі туралы мағлұматтар бере отырып, пікір алмасу, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту, ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру мақсатында 6 "А" сыныбында ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қатысқан ата-аналар күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, оған оңтайлы шешім қабылдап, бірауыздан қаулы қабылдады. Сынып жетекшісі Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
