15
октябрь
2020
Республикалық және қалалық бюджет тарапынан бөлінген техниканы уақытша пайдалануға берілді
Елдегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың қазан айының 13 күні Семей қаласының «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия» КММ-сі арнайы комиссия отырысының шешімі негізінде республикалық және қалалық бюджет тарапынан бөлінген техниканы оның ішінде 5 (бес) – ноутбук және лимитсіз интернеті бар роутер мен симкарта) қашықтықтан оқыту жағдайында қажет ететін әлеуметтік көмекке мұқтаж және өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасы балаларына таратты. Оқушылар қашықтан оқып жатқандықтан беріліп отырған компьютерлік техникаларды оқушыларымыз тиімді пайдаланып, ата-аналары да оларды күтіп ұстауын қадағалаулары қажет екендігі айтылды. Ата -аналарға ноутбук таратқан кезде оны уақытша пайдалануға келісімшарт жасалды.
