26
апрель
2023
ЖАДЫНАМА
⚜️Мектеп жасындағы балалардың көз ауруын алдын алу
⚜️Балалардың денсаулығын сақтау үшін - олардың денсаулық жағдайына, физикалық дамуына, мектептегі жұмыс қабілеттілігі мен үлгеріміне, күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылғанына назар аударуымыз қажет.
⚜️Соңғы онжылдықта көру қабілеті бұзылған адамдар санының едәуір өсуі мамандарды алаңдатуда. Жер шарымыздың шамамен 1 миллиардқа тарта тұрғыны көзілдірік киюге мәжбүр. Қозғалыс жетіспеушілігі, құрамында жеткіліксіз мөлшерде дәрумендер мен минералдар бар ас қабылдау, шамадан тыс ақпараттық және көру жүктемелері метаболикалық процестердің бұзылуына және оның ішінде көру мүшелерінің бұзылуына әкеледі.
⚜️Балаларды офтальмолог дәрігердің қабылдауында уақытылы тексерту, көру функциясының дамуындағы ауытқуларды алдын алуға көмектеседі. Барлық күмәнді жою үшін жарты жыл, бір жыл, сондай-ақ үш, бес және жеті жастағы балаларыңызды офтальмолог дәрігердің профилактикалық тексеруінен өткізуді ұмытпаңыз. Бұл шаралар миопия, гиперопия, страбизм және амблиопия — көру қабілетінің әлсіздігі сияқты аурулардың алдын алады.
▶️Балалардың көру қабілетінің бұзылуын алдын алудағы негізгі мәселелер:
1️⃣ Оқу барысында көзге түсетін жүктемені азайту. Кез-келген адам ағзасы сияқты, көзге түскен шамадан тыс күш пен стресстен шаршайды және олардың жұмысының тиімділігін төмендетеді.
2️⃣ Балаға компьютер мониторына — 40-60 см, теледидар экранына — 2-3 метр қашықтықта отыруды және күніне екі сағатқа дейін шектелуін қамтамасыз ету керек.
3️⃣ Дұрыс оқу және жазу.
🔸Жатып оқуға тиым салу.
🔸Бала жақсы жарықтандырылған жерде жұмыс істеуі қажет, ал жарық көзі оның сол жағында және үстінде болуы керек.
🔸Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған кітаптарда ірі қаріп болуы тиіс. Аккомодациясы жеткіліксіз дамыған балалардың көру қабілетіне жоғары жүктеме түсіру - миопияның дамуына әкеледі.
🔸Оқу кезінде кем дегенде 3-5 минуттық қысқа үзілістер қажет.
4️⃣ Сабақ барысында балалар дұрыс қалыпта отыруы қажет: мысалға арқасы түзу, иықтары төмен және босаңқы, көзден үстелдің бетіне дейінгі қашықтық - 35-40 см. Балалардың мектеп бөлмелеріндегі негізгі құралдары - ыңғайлы орындық пен үстел, толық жарықтандыру және сапалы монитор.
5️⃣ Белсенді өмір салтын ұстану.
6️⃣ Теңгерімді физикалық белсенділік және таза ауада жиі серуендеу.
7️⃣ Дұрыс тамақтану. А және С дәрумендерінің көп мөлшері бар тағамдар көзге пайдалы. Бұл тағамдарға: сүзбе, ет, айран, балық, сәбіз, алма, кептірілген өрік, көкжидек, қарақат және лимон жатады. Өзіңізге және балаларыңызға, маусымнан тыс уақытта дәріханалық дәрумендер мен минералды кешендерден бас тартпаңыз!