01
май
2023
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы-бірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.Мерекеге гимназиямыздың көркем еңбек пәнінің мұғалімдері өз үлестерін қосып, шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырды. Үлес қосқан ұстаздарға алғыс айта отырып, баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!










