05
март
2024
“Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында” 2024 жылғы 5 наурызда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған “Электронды қазақ тілі: тиімділік, жаңашылдық, жаңа мүмкіндік” атты қалалық семинары өтті.
TopIQ платформасындағы 5-сыныпқа арналған “Қазақ тілі” оқулығы негізінде №16 Төлеубай Аманов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Рауия Қалыбекқызы Жұмабекова
5 «Г» сыныбына қазақ тілінен «Қазақ халқының ұлттық киімдері. Кейінді ықпал» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықта берілген тыңдалым, оқылым, жазылым тапсырмаларын топпен, жұппен, жеке орындады. Оқушылар электронды оқулықтағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында сабақтың сәтті өткені туралы кері байланыс берілді.





