25
март
2024
ЖАДЫНАМА
Көкжөтел - балаларда жиі кездесетін және жылдам таралатын тыныс жолдарының жұқпалы ауруы. Науқас бала жөтелгенде бактериялар оның демі мен қақырығы арқылы ауаға тарап, ауру сау балаға жұғады. Сонымен қатар сырқат баланың пайдаланған заттары арқылы да (ойыншығы, ыдысы арқылы да) жұғуы мүмкін.
Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға анағұрлым тән. Алайда, кез келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияны жұқтырудың алдын алу әдістерін білу маңызды.
Әдетте көкжөтел 6-7 аптаға дейін ұласады. Аурудың жасырын кезеңі 2-15 күнге (көбінесе 5-7) ұласады.
💉Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы вакциналау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға екпе егу бір мезгілде тиісінше 5-6 аурудан: дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және В гепатитінен қорғайтын құрамында АбКДС бар бес және алты компонентті құрама вакциналарды қолдана отырып жүргізіледі.
Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 2 айдан бастап 1 ай аралығымен 3 екпе, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жаста, екінші ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.
Балалар үшін көкжөтел ауруы өте қауіпті, сондықтан ауруға қарсы екпені мүмкіндігінше белгіленген мерзімде алуға кеңес береміз!
Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы - сіздің қолыңызда!

