23
август
2024
Бүгін гимназияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Турсумбаева Ш.А мен Калиева С.С. ұйымдастыруымен
«1-қыркүйек – Білім күні. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында сынып жетекшілеріне семинар өтті. Семинарға 56 сынып жетекшісі қатысты. Семинардың 1-бөлімінде Білім күні өтетін салтанатты шара, тәрбие сағаттары жайлы Турсумбаева Ш.А. түсіндіріп өтті. Калиева С.С. Абайдың «Толық адам» ілімі, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі», мақсаттар мен міндеттер, қауіпсіздік сабақтары, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен кешенді жоспардың жасалуы жөнінде ақпараттар берді.
Семинардың екінші практикалық бөлімін Калиева С.С., Нұрлыбекова А,Т., Қызылбалаева Н.М., Ерматқызы Н. ұйымдастырды. Сынып жетекшілері екі топқа бөлініп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының былтырғы және биылғы жылғы ерекшеліктеріне талдау жасады. Былтырғы жылы бағдарламаны іске асырудағы озық тәжірибелер, кедергілер мен қиындықтар, әсер еткен факторларды атай отырып, биылғы жобалардың тиімділігі, оны іске асыруда жасалатын жұмыстар, тәуекелдер, алдын алу шараларын қарастырып, жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын құрды. Семинар соңында рефлексиялық сұрақтарға жауап берді.