14
декабрь
2024
Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында 2024 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі,
Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті, Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасының хаты негізінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Сағат 09.15-те дабыл қағылғаннан кейін оқушылар мен мұғалімдер, кіші қызметкерлер қауіпсіз аймаққа шығарылды. Ғимараттан қауіпсіз алаңға шығарылған ұжым туралы штаб басшысына АӘД мұғалімі Сарсеков Б.К. есеп берді.
ссылка 1