Коронавирустық инфекциясынан қорғанудың әдістері.
22.04.2021 жыл Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің жалпы мұғалімдер арасында жиналысы өтті.
Жиналыс тақырыбы: Коронавирустық инфекциясынан қорғанудың әдістері. Осы апта бойы коронавирус инфекциясы қайтадан өршіп тұрғанын теледидардан және интернет желілері арқылы біліп отырсыздар. Қазір барлық гимназия мұғалімдері мен оқушылар 03 мамырға дейін карантинде, сабақтың барлығы қашықтықтан өткізіліп жатыр. Аурудың өршуіне байланысты коронавирус белгілерімен тағы да танысуға кеңес беремін. Бүгінде әлемді жайлаған коронавирустан қорғанудың әртүрлі әдістері айтылып жүр. Олардың қатарында: маска кию, қолды мұқият жуу, иммунитетті көтеру мақсатында витаминдерді көп тұтыну, спортпен шұғылдану және тағы басқалары.
Апта бойы індет жұқтыру жайттары біртіндеп өсіп келе жатыр. Осы орайда әлемде қатерлі вирустан қорғанудың қандай тиімді тәсілдері бар екенін біле жүріңіз:
- үйіңізден шықпаңыз!Каратиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз! Аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз далаға шығар алдында медициналық маска, қолғап, жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын жейде киіңіз.
- қолыңызды сабынмен (кемінде 20 секунд) жиі жуыңыз немесе құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз!
- мүмкіндігінше қолдарыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз!
- тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз! Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз. Дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен немесе сабынды сумен жуыңыз.
- күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз!
- үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз!
- байланыс құралдарын пайдаланып, басқа адамдармен қашықтықтан сөйлесіңіз! Қонаққа бармаңыз және достарыңызды үйге шақырмаңыз. салауатты өмір салтын ұстаныңыз, құнарлы тамақтаныңыз! Иммунитетті нығайтатын витаминдерді қабылдаңыз немесе олардың жоғары құрамы бар өнімдерді қолданыңыз.
Егер Сіз ауырып қалсаңыз, ЖРВИ ауруының белгілері байқалса, 103-ке қоңырау шалыңыз!




