05
сентябрь
2025
6 «А» сыныбында «Жас сарбаздың жолы – тәртіп пен намыс» атты шара өткізілді.
Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының участкілік полиция капитаны И. Қайратқызы - «Абайланыз-балалар!» атты Республикалық акциясы аясында «Буллинг түрлері және құқықбұзушылық», «Жол қауіпсіздігі» тақырыбына профилактикалық әңгіме жүргізді. Гимназия директорның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Қалиева, сынып жетекшісі Ж. Г.Жарылгасинова мен офицер-тәрбиеші Б.К.Сарсеков мектептің ішкі ережелері түсіндірді. Педагог-психолог Ш.С. Серікқалиева «ҚАСИЕТТЕР АЙНАСЫ» атты жаттығу өткізіп, жас сарбаз сыныбының ұлдары мен қыздары бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді айта отырып, отбасындағы аналары, апайлары мен қарындастарының арасындағы сыйластық пен сенім атмосферасын құрудың маңыздылығын түсінді. Бұл – өзара түсіністікке, достыққа және құрметке бастайтын маңызды қадам.
Өзгені бағалау – өзіңді танудың кілті.
