06
октябрь
2025
Ақпарат
Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-дің директоры: Жанат Зейнелевнаның 7 жыл ұжыммен білікті, шебер, мықты жұмыс атқарғаны үшін алғысымыз шексіз. Сіз талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.
Ізгі ниетпен: Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия ұжымы және кәсіподақ ұйымы.






