07
октябрь
2025
3 қазан күні Ұстаздар мерекесіне орай гимназиямызда «Ұстаз -ұлық емес, ұлы қызмет!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Мерекелік жиынды өзінің құттықтау сөзімен гимназия директорының міндетін атқарушы Жумаксанова Гүлназ Муратовна ашып, ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтады.
- “Құрметтi ұстазда! Сіздерді кәсiби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұлағатты ұғым. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады. Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулитын – Сіздерсіздер қадірлі ұстаздар қауымы! Сондықтан, Сіздердің осы жолдағы ұшан - теңіз еңбектеріңіз қоғам дамуына қосып жатқан үлестеріңіз айрықша.
Мерейлі күні Сiздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шәкірт тәрбиелеу жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.”
Мерекелік іс-шара тарих пәні бірлестігі дайындаған арнайы мерекелік бағдарламамен жалғасты. Ұстаздар үшін әуезді әндер мен бейнекөрсетілім тарту етіліп, іс-шараның шырайын кіргізді.
Тарих пәні бірлестігі
ссылка1