25
октябрь
2025
🍁 Қалалық «Алтын күз» байқауы! 🍂 Қаланың 9 білім ордасының 4-сынып оқушылары арасында өткен «Алтын күз» байқауында гимназиямыздың 4 «Ә» және 4 «Г» сыныптарының талантты жұптары гимназия абыройын лайықты қорғады.
Қазылар шешімі бойынша:
🥈 4 «Ә» сыныбының мақтаныштары - Ғылымбек Асанали, Ардакова Айару– II орын (сынып жетекшісі Қаспақпаева Ж.С.),
🥉 4 «Г» сыныбының жұлдыздары - Рахатұлы Әмірхан, Богдатова Зере – III орын иеленді (сынып жетекшісі Кныбаева М.К.).
Бұл жетістік – оқушылардың еңбегі мен шығармашылығының, сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздардың қолдауы мен еңбегінің нәтижесі деп біліп, алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шабыттарыңыз сарқылмасын, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
Ұйымдастырушы: аға тәлімгер
ссылка1