02
ноябрь
2025
Гимназияішілік "Балауса" онлайн лагерінің жоспарына сәйкес "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Қамқор" жобасы
Aясында оқушылар өз отбасыларымен бірлесе отырып, "Құстар — біздің досымыз" ұранымен экологиялық бағыттағы игі іс атқарды.
Балалар мен ата-аналар қалдық материалдарды тиімді пайдалана отырып, құстарға арналған жемшашарлар жасады. Бұл іс-шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ұқыптылық пен қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерін де дамытты.
Керемет жұмыс, балалар!
Сіздер өз қолдарыңызбен жасап шыққан жемшашарлар арқылы табиғатқа қамқорлық танытып, кішкентай достарымыз — құстарға ерекше мейірім көрсеттіңіздер.
Назарларыңызға 1 "А" сынып оқушысы - Серікқазы Жанарыстың жасаған жемсалғышын ұсынамыз.
Сынып жетекшісі: Ынтыкбекова Т.Б.
ссылка1