"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің 6 «А» - «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары Семей қаласындағы Әскери -техникалық мектебіне барып ашық есік күніне қатысып қайтты.
10
ноябрь
2025

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің 6 «А» - «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары Семей қаласындағы Әскери -техникалық мектебіне барып ашық есік күніне қатысып қайтты.

Іс-шара барысында оқушыларға сарбаздардың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, әскери бөлімнің техникалары мен қару жарақтарымен және әскери өмірдің тәртібімен оқу орнының қызметкерлері: оқытушы- подполковник: Айдар Османович Рахимбаев пен тәрбиеші -сержант: Санжан Оразбекович Ергазиев таныстырды. Сонымен қатар, жас буынға рух беретін патриоттық практикалық дәріс ұйымдастырылып, сарбаздар мен оқушылар арасында жылы жүздесу өтті.

Бұл шара оқушыларға Отан алдындағы борыштың маңызын түсіндіру, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Әскери бөлімдегі тәртіп, ұйымшылдық, жауапкершілік секілді құндылықтар балалардың бойына оң әсер қалдырды.

Осындай танымдық іс-шаралар оқушылардың елін, жерін сүюге, азаматтық жауапкершілігін сезінуге жол ашады.

6 «А» сыныбының жетекшісі: Жарылгасинова Ж. Г.
6 «А» сыныбының әскери жетекшісі: Сүйіндіков А. А. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив