20
ноябрь
2025
3-сыныптар арасында "Мен не дұрыс, не бұрыс екенін білемін" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері мен жеке шекаралар туралы түсінік берілді.
"Мен не білемін?" атты шағын сауалнама жүргізіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, "Менің шекараларым: болады және болмайды" атты ойын ойнатылды. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, қызығушылықпен қатысты.
Жауапты: 3-сынып мұғалімдері.


