07
декабрь
2025
“Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ 9 “Ә” сынып, химия - биология бағытындағы бейінді сынып.
«Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері» зертханалық тәжірибе жасады. Мақсатымыз: реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру болды. Оқушылар сабақ соңында қорытынды жасай отырып, бекіту тапсырмаларын wordwall платформасы арқылы орындап ұпайлар жинады. Химия пәні мұғалімі: Шәріпхан А.Е
ссылка1