31
январь
2025
Қаңтардың 29-ы күні Республикалық педагогикалық идеялар фестивалінің жеңімпазы , гимназиямыздың директоры Малгаждарова Жанат Зейнелевна «Білім берудің жаңа «4Р моделі» тақырыбындағы идеясымен ұжым арасында бөлісті.
Қазіргі мектептер алдында дәстүрлі әдістерді жетілдіріп, жаңашылдықты жүйелі түрде енгізу міндеті тұрғанын айта келіп, ұсынылып отырған 4Р моделінің міндеттерімен таныстырды.Оның ішінде «Жас мамандар академиясы» жобасы жас мұғалімдерді кәсіби дамуға ынталандырса, әр түрлі тренингтер, шеберлік сыныптар мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, мектептің қозғаушы күшіне айналып отырғандығын баса айтып өтті. «Қоғамға қызмет» жобасы оқушыларды ң көшбасшылық қабілеттерін дамытып, мектептің инфроқұрылымын жақсартуға үлес қосқан. Модельдің тағы бір ерекшелігі-практикаға басымдық беру. Оқу үдерісін ашық әрі тиімді ету мақсатында Telegram бот каналының іске қосылғандығы, бұл арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ақпарат алмасу жеңілдеп, қол жетімді болатындығын атап көрсетті. Алдағы уақытта 4Р моделі Telegram бот каналы жаңа бөлімдермен толығатындығын және гимназиядағы « шебер-педагог» категориясындағы ұстаздардан құрылған «Шеберлік орталығының» ұстаздары жұмыстың қарқынды жүзеге асуына өз тәжірибелерін, ақыл-кеңестерін, идеяларымен бөлісуге дайын екендерін айтты. Осындай жаңаша идеясымен бөлісіп жатқан әріптесті бүкіл ұжым қолдай отырып, білім беру саласын дамытуда өз үлестерін қосуға сенімділік білдірді.
ссылка 1