11
февраль
2025
Өз шығармашылығынан Арнау
Өр ақын ғой Мұқағали ақындардың алды дер,
Тірілерге қимағандай құшағына алды жер.
Кететінін білгендей-ақ көз жанарын талдырды,
Том томымен небір жырды ұрпағына қалдырды.
Әр жырынан адалдықты сезген-ем,
Ақиық ақын әділетсіздікке төзбеген.
Бүкіл әлем Мұқағали бір ғұмыр,
Ғасыр ақын Сен ерексің өзгеден.
Қара өлеңнен жорға міндің жасыңда,
Қуат алып Хан тәңірі басынан
Мәңгі бақи жүректерге жол тапқан,
Ұлы тұлғам бір туатын ғасырда.
Қарасаздың самалы тербеп, өпкен,
Поэзия алыбы мәңгі көппен
Ақын жаны шіркін-ай қылдан нәзік
45 жас ғұмырда ерлеп өткен.
Сен өлмедің, өлмеді жырларың да
Сенің жырың гүлдейді жыр бағында
Мұқағали халқыңмен егіз бе едің?
Ән салады туған жер, қырларың да
Сыршыл ақын болды-ау қатал тағдырың
Халқың менен жасап келеді ән-жырың
Ақпан айы сен өмірге келген күн
Жүректерге төгілуде ән-күйің
Абай облысы, Семей қаласы
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ
тарих пәнінің мұғалімі, Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
Тірілерге қимағандай құшағына алды жер.
Кететінін білгендей-ақ көз жанарын талдырды,
Том томымен небір жырды ұрпағына қалдырды.
Әр жырынан адалдықты сезген-ем,
Ақиық ақын әділетсіздікке төзбеген.
Бүкіл әлем Мұқағали бір ғұмыр,
Ғасыр ақын Сен ерексің өзгеден.
Қара өлеңнен жорға міндің жасыңда,
Қуат алып Хан тәңірі басынан
Мәңгі бақи жүректерге жол тапқан,
Ұлы тұлғам бір туатын ғасырда.
Қарасаздың самалы тербеп, өпкен,
Поэзия алыбы мәңгі көппен
Ақын жаны шіркін-ай қылдан нәзік
45 жас ғұмырда ерлеп өткен.
Сен өлмедің, өлмеді жырларың да
Сенің жырың гүлдейді жыр бағында
Мұқағали халқыңмен егіз бе едің?
Ән салады туған жер, қырларың да
Сыршыл ақын болды-ау қатал тағдырың
Халқың менен жасап келеді ән-жырың
Ақпан айы сен өмірге келген күн
Жүректерге төгілуде ән-күйің
Абай облысы, Семей қаласы
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ
тарих пәнінің мұғалімі, Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
