18
июль
2025
🌿 Гимназия аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары – бірлескен ізгі бастама 🌸
Біздің гимназияда көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар – оқу ордамыздың сыртқы келбетін ғана емес, ішкі рухани әлемін де көркем ететін маңызды бағыттың бірі.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ жалпы мектеп мәдениетін дамыту мақсатында ұстаздар қауымы өз еріктерімен гүл суару, аула тазалау, көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда. Олар тек білім беріп қана қоймай, мектептің көркеюіне үлес қосып, шәкірттерге үлгі болуда.
Гимназиямыздың ауласы түрлі-түсті гүлдерге толып, жайқалған жасыл кеңістікке айналып келеді. Бұл – ұстаздарымыздың шынайы жанашырлығы мен еңбегінің нәтижесі. Мұндай игі бастамалар мектеп өмірін көркейтіп қана қоймай, оқушыларымызға табиғатты аялаудың, еңбектің қадірін түсінудің маңызын да ұғындырады.
Осындай тұрақты әрі жанашыр жұмыстың арқасында гимназия аумағы күннен-күнге әсемденіп, таза әрі тартымды мекенге айналып отыр.
Барша ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! 🌱
