"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Бос лауазымдық орынға конкурс жариялау туралы
14
январь
2021

Бос лауазымдық орынға конкурс жариялау туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының  оқу-әдістмелік жұмыстары жөніндегі орынбасары  лауазымдық  қызметіне   конкурс  жариялайды.

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

          Орналасқан жері:  индекс 071400  Семей қаласы, Шәкәрім  даңғылы, 70,  Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70

Электрондық пошталық мекен-жайSemey_37@mail.ru;

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі- конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Дидар» газетіне, «ШҚО Семей қаласы білім бөлімі» ММ-нің  «Ыбырай Алтынсарин атындағы  №37 гимназия» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні   туралы  хабарлама  жариялаған   күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.

Лауазымдық міндеттері:  

        1.  Гимназия Жарғысына сәйкес 1-11 сыныптарда оқытудың тиімді технологиясын  меңгеруде мұғалімдерге басшылық жасау және әдістемелік көмек көрсету

        2. Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік, кафедра меңгерушілерінің жұмыстарына       басшылық жасау және әдістемелік көмек  көрсету                                                                     

        3.  Мұғалімдер арасында семинарлар, конференциялар ұйымдастыру, мұғалімдердің өз білімін көтеру жұмыстары, мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын бақылау, мұғалімдердің аттестация жұмысын жүргізу,   басшылық жасау.

        4. Гимназия бойынша дарынды оқушыларды анықтап, қабілеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау.

        5. Сабақтан тыс шаралардың жүргізілуіне (пән апталықтары,   ашық сабақтар) басшылық жасау, қадағалау және әдістемелік көмек көрсету  

        6. Оқушылардың ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиадалар жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау.

        7. Оқушылармен өткізілетін ғылым негіздері бойынша ғылыми жобалар   жарыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау.

        8.   Пән мұғалімдері арасында рейтингілік мониторинг жүргізу.

        9.   5-11 сыныптардың оқу кабинеттерінің әдістемелік талапқа сай болуын бақылау,  басшылық жасау.

        10. Гимназия бойынша Кембридж бағдарламасы негізінде деңгейлік курстан сертификатталған мұғалімдермен жұмыс жүргізу және Назарбаев Зияткерлік мектебімен мұғалімдердің білімін көтеру мақсатында бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру, жетекші мектеп жұмысына басшылық жасау.

        11.  Сабақты зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуын басшылықта ұстау.

         12. Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, қалалық,облыстық, республикалық, халықаралық  білім   басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-  әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да  басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. 

         13. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз ету, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастыру және талдау,   эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылау.  

         14.   Білім беру платформаларымен жұмысты басшылықта ұстау.

         15. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, мұғалімдерге бейне сабақтарды әзірлеуде әдістемелік көмек ұйымдастыру.

Білуі тиіс:

ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы",  заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №37 гимназия жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.

           Біліктілікке қойылатын талаптар: Директордың оқу-әдістемелік    жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық бiлiм және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиiс.

               Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

           2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

         3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

        4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы    құжаттардың көшірмелерін;

           5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

         6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

         Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

       Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив