"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы
13
октябрь
2022

«Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму Институты өткізіп жатқан «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы қазан айының 3-14 аралығында Семей қаласында өтіп жатыр. Аталған курсқа Семей қаласы, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті, Абай, Жарма, Үржар, Ақсуат аудандарының 20- 35 жыл еңбек өтілі бар, педагог-зерттеуші, педагог - шебер санатты мұғалімдері және "Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының" тәлімгер мұғалімдері Шәріпхан А.Е мен Баймағанбет Ж.К қатысуда.
Курс бағдарламасы жас педагогтің кәсіби қалыптасу процесінде тәлімгердің ұйымдастырушылық-мазмұндық, әдістемелік және психологиялық қызметі мәселелерін қарастыруға бағытталған.
Курс тыңдаушылары алғашқы күннен-ақ, тәлімгер педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен танысып, жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, отандық және әлемдік тәжірибеде жүзеге асырылатын тәлімгерліктің заманауи технологияларын, жас педагогтің кәсіби даярлық деңгейін диагностикалаудың әдіс-тәсілдерін, жас маманды кәсіби дамыту және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша тәлімгердің жұмысын жоспарлауға қойылатын талаптарды орындаудың алғы шарттарын оқып, өз білімдерін кеңейтуде. Курс алды сауалнаманы толтырып, курс бағдарламасымен таныстық. Курс тренері, бағдарлама авторы- «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму Институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Сейтказина Рысгуль Сейтбековна.
Алдын ала жоспары құрылып, мақсаты айқындалған біліктілікті арттыру курсының әр күнінде тәлімгерлер тобы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, кәсіби шығармашылығын дамытуда.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив