"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » 26.04.2024 “Ыбырай Алтынсарин атындағы Nº37 гимназиясы” КММ-де қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Құралай Құралтайқызы әдебиет пәнінен Жүніс Сахиевтің “Айдағы жасырынбақ” әңгімесінің тақырыбы мен идеясы бойынша
27
апрель
2024

26.04.2024 “Ыбырай Алтынсарин атындағы Nº37 гимназиясы” КММ-де қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Құралай Құралтайқызы әдебиет пәнінен Жүніс Сахиевтің “Айдағы жасырынбақ” әңгімесінің тақырыбы мен идеясы бойынша

8”В” сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың басында оқушылармен амандасып, түгендеп, психологиялық ахуал «Сәлемдесу» әдісін қолданып, оқушылар бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы амандасты. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, «Kahoot» бағдарламасы арқылы оқушылар ұялы телефондарымен Qr арқылы кіріп, алдыңғы сабақтағы білімдерін пысықтады.
Сабақтың ортасында жаңа тақырыпты түсіндіріп, бүгінгі оқу мақсатымен таныстырды.
Сабақ барысында Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы қолданылды. Оқушыларға аспан әлемі, ай туралы қызықты ақпараттар беріліп, видеоролик көрсетілді.
Оқушылар «Ойланту» әдісін қолданып “Мақал-мәтелдерді жалғастыр” тапсырмасын орындап, шығармадағы ұлттық құндылықтарды тауып, мақалдардың шығармамен қандай байланысы барын анықтады. 3 топқа бөлініп, топтық жұмыс жасады.
«Айға сапар» тобына әңгіменің басы, «Жасырынбақ» тобына әңгіменің ортасы, «Табиғат сақшылары» тобына әңгіменің соңы беріліп, оқушылар көркем шығармадан үзінділерді теріп жазып, өз көзқарастарын дәлелдеп, талдау жасады. Тапсырма соңында топтар бір-бірін дескриптор бойынша бағалады. Сабақты қорытындылау мақсатында талдау карточкалары берілді.
Оқушылар тапсырманы орындаған соң «Түрлі түсті қысқыштар» әдісі арқылы зымыранды Айға қарай жылжытты.
Сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп, “Padlet” тақтасы арқылы рефлексия жасалды.
Ашық сабаққа директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.К.Касенова, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ш.М.Нургамысова, Б.С. Ибрагимова, шет тілі пәні мұғалімі Ш.Т. Бахтыбаева, информатика пәні мұғалімі А.Хамитов қатысып, ашық сабаққа өз пікірлерін білдіріп, талдау жасады. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасап, сабаққа белсенді қатысқандарына ризашылықтарын білдірді.
ссылка1​​​ 







Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив