08
март
2025
Тарих пәні бірлестігінің мұғалімдері «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ халқының тарихында өшпес ерлігімен қазақ халқының абыройын асқақтатар ұлт батыры атанған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы - Бауыржан Момышұлының
әдебиет пен соғыс майданына тікелей қатысып, толарсақтан саз кешіп, Отан үшін жан беріп, жан алысқан әрі майданда қаруымен бірге қамал бұзар қаһарман сөзді қоса жұмсаған дарынды жауынгер мен қолбасшылар қаламынан туған әскери көркем әдебиеттегі ерекше туынды – Жон арқа шығармасын оқып, ой-пікірлерімен алмасты. Жазушының шығармалары әр кез өскелен жастарға аға ұрпақтың ерліктерін паш ету мен арды жоғары ұстаған ұлттық рухтың көрініс алуымен ерекшеленеді. Бауыржан Момышұлы өз шығармалары арқылы адам рухының асқақтығын, оның Отанын сүйген патриоттық рухын аша білген тұлға.


