14
май
2024
Жаратылыстану пән бірлестігі 13.05.2024 күні “Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт” жобасы аясында Кемел Тоқаевтың “Таңдамалы” кітабын талқылады.
Кемел Тоқаев – қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан, қаламы қарымды көрнекті қаламгер. Оқырманды баурап алар шытырман оқиғаны көптеген роман-повестерімен қалың қауымның ықыласына бөленді. Қаламгердің көп томдығының бірінші кітабына Солдат соғысқа кетті романы мен Түнде атылған оқ, Тасқын повестері берілді. 




