28
сентябрь
2024
Сенбілік жұмыстары - тазалық таразысы🍂. «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті🤗.
Тазалықты жанына серік еткен Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының тарих және жаратылыстану бірлестіктерінің ұстаздары экологиялық мәдениетті сақтай отырып, білім ордасы аумағына тазалық жұмыстарын жасау, ағаш жапырақтарын, гүлдердің тұқымдарын жинастыру, санитарлық тазарту жүргізу мақсатында ерекше белсенділік танытып, таза сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара қызметкерлердің табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және оқу ордасының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды
