31
март
2025
Бүгін гимназия қабырғасында “Сабақ уақытындағы қиын жағдайлар және одан шығу жолдары” тақырыбында
гимназия педагог-психологы Ш.С. Серікқалиева мен директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.А.Шыныбекова жас мамандарға арналған психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: жас педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, сабақ барысында кездесетін қиындықтарды тиімді шешу жолдарын үйрету, стресс-менеджмент әдістерін меңгерту. Тренинг барысында:қиын жағдайлардан шығу жолдары бойынша практикалық жаттығулар жасалды; импровизациялық ойындар арқылы түрлі педагогикалық сценарийлер талданды; қатысушылар эмоциялық тұрақтылықты дамытуға арналған пайдалы кеңестер алды. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды! Жас мамандар тренингтен өздеріне қажетті көптеген тәжірибелік құралдар мен жаңа әдіс-тәсілдер алды.

