24
февраль
2023
24.02.2023 күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Шәкәрім университеті Филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жатқан Кя-903 тобы машықкерлерінің ұйымдастыруымен
Ыбырай Алтынсарин атындағы конференция залында Санжар Керімбайдың "Бейсен және болмыс" атты кітабы талданды. Талдауға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. "Бейсен және болмыстың жазылуына не ықпал етті?" тақырыбында Оразханова Бибі, "Бейсен деген кім?" Дауренқызы Құралай, "Дисциплина" Махсұтханова Ажар, Қажиева Жансая "Болмыс және идеал" тақырыбында ой қозғады.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бейсен Құранбектің болмысы жайлы ой-пікірлерін білдірді.