09
июнь
2025
«Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ»-да 2024–2025 оқу жылында гимназиямызда жалпы орта мектепті аяқтағалы отырған
11 сынып түлектері үшін 09 маусым күні сағат 09.00 де қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан материалдары мектеп жанынан құрылған комиссияның толық құрамының қатысуымен емтихан материалдары ашылып, оқушыларға сәттілік тілеп, емтихан сағат 10.00 басталды. Семей қаласы білім бөлімінің басшылығымен емтиханның өту барысында академиялық адалдықты сақтау мақсатында онлайн трансляциясы ұйымдастырылды. Емтиханға 82 оқушы кірді. Емтихан барлық талаптарға сай өтті. Түлектерге сәттілік!










