"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы
21
февраль
2020
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абай
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында "Құрмет" орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ЮНСКО клубтары федерациясының мүшесі, академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы атаулы зертхананың ашылуының 7 жылдығына орай ұйымдастырылған "Әр сөзінде даналық тұнып тұратын, Өзіңе ұқсау менің де басты мұратым..." атты гимназия ұстаздары арасындағы іс-шара.
"Қазақтың Қанипасы" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
18
февраль
2020
"Қазақтың Қанипасы" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы қарсаңында академик Қ. О. Бітібаева атындағы №37 гимназиясында ашылған атаулы зертхананың 7 жылдығына орай "Қазақтың Қанипасы" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Гимназия директоры Жанат Зейнелқызы Қанипа апайдың ұстаздық қызметіне тоқталып, құттықтау сөз сөйледі. Зертхана жетекшісі Құралай Құралтайқызы апталықтың өту барысымен таныстырды. "Қанипа әлемі" атты шығармашылық топ оқушылары жырдан
"Ауғанның отты жылдары" атты мерекелік лекция концерті
15
февраль
2020
"Ауғанның отты жылдары" атты мерекелік лекция концерті
15-ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Ауғанның отты жылдары" атты мерекелік лекция концерті. ГДК
"Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, Рухыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле"
14
февраль
2020
"Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, Рухыңды сақтаймын десең,
"Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, Рухыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле" деген қазақта тамаша қанатты сөз бар. Оқушылардың бойына рухани-патриоттық тәрбие беруде әскери қызмет саласында еңбек етіп жүрген тұлғалардың рөлі ерекше. Осындай мақсатта гимназияның АӘД пәні мұғалімі Ә. А. Омарбековтың ұйымдастыруымен 54770 әскери бөлім қызметкерлерімен бірлескен іс-шара.
Ақпан айының 8 күні гимназия ұстаздары мен жас мамандар бірлесіп, шаңғы базасына қысқы серуенге шықты.
08
февраль
2020
Ақпан айының 8 күні гимназия ұстаздары мен жас мамандар бірлесіп,
Ақпан айының 8 күні гимназия ұстаздары мен жас мамандар бірлесіп, шаңғы базасына қысқы серуенге шықты. Күнделікті қарбалас жұмыстан бір сәт бойларын сергітіп, таза ауада демалып қайтқан ұстаздардың көңіл-күйлері өте тамаша!
«Дала дарыны» атты  дарынды оқушылармен шығармашылық  көрме өткізілді.
06
февраль
2020
«Дала дарыны» атты дарынды оқушылармен шығармашылық көрме өткізілді.
«Туған жер , Рухани жаңғыру, ұлы даланың жеті қыры бағдарламасының аясында, жас тұлғаның бойына мәдени көркем құндылықтарды сіңіру мақсатында  «Дала дарыны» атты  дарынды оқушылармен шығармашылық  көрме өткізілді.
«Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында психологиялық тренинг.
06
февраль
2020
«Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында психологиялық тренинг.
• «Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сәйкес 5 сынып оқушыларына «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. 
«Менің мектептегі бір күнім»
05
февраль
2020
«Менің мектептегі бір күнім»
Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талаптарына сай тұлғаны қалыптастыруда гимназияішілік үйірме, клуб, спорт секцияларының ролі орасан зор. Негізгі алға қойған мақсат: жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге  барынша қаблетті маман болудың алғашқы баспалдағынан сүрінбей өтуге даярлап, олардың бойында Қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру және ғылымға деген
Өзін-өзі тану: «МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» атты онкүндігі
03
февраль
2020
Өзін-өзі тану: «МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» атты онкүндігі
2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында гимназиямызда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагокикасы» атты дәстүрлі онкүндік  іс-шарасы өткізілуде. 03 ақпан күні онкүндіктің ашылуы салтанатты лездеме түрінде өтті. Оқушыларға «өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қоғамдық қызметі туралы мағлұмат берілген, әдеби-монтаж, тілектер, әндер айтылды. Онкүндік аясында 5 – сыныптар арасында «Менің әлемім» атты сурет байқауы өтті.  Нәтижесінде:Ғаділбек Жасмина –
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көрме.
20
январь
2020
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көрме.
"Кітап- рухани байлықтың қайнар бұлағы". Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көрме.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онкүндіктің ашылу салтанаты.
20
январь
2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онкүндіктің ашылу
"Абай әлемі" Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онкүндіктің ашылу салтанатына арналған лездеме.
Бәтташ Сыдықұлының құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты
18
январь
2020
Бәтташ Сыдықұлының құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу
Бүгінгі күн 17 қаңтар біз үшін ерекше және айтулы күн. 90 – жылдары Семей қаласында тек қазақ тілінде оқытатын мектептер жоққа тән еді. Сол жылдары атаулы білім ордасын ашуға зор үлес қосқан облыстық «Қазақ тілі қоғамы» төрағасының орынбасары, Абай ауданында аудандық партия комитетінің хатшысы, Семей облыстық телерадио комитетінің төрағасы, Семей қаласының Абай ауданының «Құрметті азаматы» халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жоғары наградасы, «Ана тілінің айбары» белгісінің иегері, Қазақстанның
"Қуат алып Абайдың оң ісінен" атты тоғызқұмалақ ойыны
15
январь
2020
"Қуат алып Абайдың оң ісінен" атты тоғызқұмалақ ойыны
"Қуат алып Абайдың оң ісінен" атты тоғызқұмалақ ойынынан Семей қаласының 23 Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен жолдастық кездесу өтті. Іс-шараның негізі мақсаты оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жарыстың қорытындысы бойынша қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Робототехника" үйірмесі
13
январь
2020
"Робототехника" үйірмесі
Қазіргі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Кеше фантастика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде ақылды құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады. Осындай игі бастамадан бастау алып, гимназия қабырғасында ашылған "Робототехника" үйірмесі өз жұмыстарын қысқы демалысқа да жоспарлап, жаңа бір бағытқа қадам басуда. Оқушылар сабақтан бос уақыттарында өздерінің қызығушылықтарымен үйірме жұмысын одан әрі жандандыруда.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше.
09
январь
2020
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде оқушылар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Сол тамаша сәт "Қыс қызығы-сырғанақ" Оқушылардың қысқы демалысындағы қызықты сәттері.
Гимназияішілік "Өлкетану" музейіне саяхат
09
январь
2020
Гимназияішілік "Өлкетану" музейіне саяхат
Гимназияішілік "Өлкетану" музейіне саяхат. Тәуелсіздікпен қатар көркейген гимназия тарихымен танысып, туған жердің құнды жәдігерлерін көзбен көріп, ой елегінен өткізген оқушылардың бойында туған жерге деген патриоттық сезімнің қалыптасқаны анық. Туған жеріміздің тарихын әрқашан есте сақтайық!
ХХІ ғасыр білімділер заманы.
08
январь
2020
ХХІ ғасыр білімділер заманы.
ХІ ғасыр білімділер заманында бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуде өз пәнін және педагогикалық технологияларды толық меңгерген, озық тәжірибелерді шығармашылықпен қолданған мұғалім ғана нәтижеге жетеді. Жаңа технологиялардың қай түрінің болса да нәтижелігі мен тиімділігі мұғалім шеберлігіне байланысты. Сондықтан мұғалім әрқашан ізденуін, оқуын тоқтатпау керек, тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады деген К.Д.Ушинский. Гимназия ұстаздарының ұйымдастыруымен төмендегі аталған қазіргі
"Ұлттық ойындар-ұлттық құндылықтар"
06
январь
2020
"Ұлттық ойындар-ұлттық құндылықтар"
"Ұлттық ойындар-ұлттық құндылықтар" тақырыбында гимназияішілік "Балауса" лагері қысқы демалыс жоспарына сәйкес ұлттық ойын түрлерін ұйымдастырды. Ұлттық ойындарды ойнату арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, игілікті жұмыс атқарып жүрген ұстаздардың еңбегіне табыс тілейміз!
««Start school» сүйікті мектепті жақсартуға қатынас»  ата-аналармен бірлескен жұмыс
29
ноябрь
2019
««Start school» сүйікті мектепті жақсартуға қатынас» ата-аналармен
««Start school» сүйікті мектепті жақсартуға қатынас»  ата-аналармен бірлескен жұмыс        Гимназияның ұйымдастыру жоспарына сәйкес  2019 жылдың 27 қараша күні гимназиямызда ««Start school» сүйікті мектепті жақсартуға қатынас» ата-аналармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру үшін «Табысты адам – табысты елдің кепілі» тақырыбында табыскер-кәсіпкер ата-аналармен кездесу өткізілді.         Кездесу мақсаты – Отанымыздың белсенді, табысты, еліміздің  қоғамның дамуына зор үлес қосып жатқан адамдарды