"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » #37гимназияға30жыл
07
ноябрь
2022

#37гимназияға30жыл

Ы.Алтынсарин атындағы № 37 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Агыбаева Г.М. мен Тулеубаева С.Б.-ның ұйымдастыруымен "Алдынғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер" тақырыбында тағылым сағаты өтті. Бұл іс шараға гимназияның 30 жылдық мерейтойына келген бір топ қонақтар және 10-11 сынып оқушылары қатысты. Тағылым сағатының мақсаты аға буын мен жас буын өкілдерінің арасында сабақтастық орнатып, мектеп бітіруші түлектерге тағылымды ойлап ұсынып, кәсіптік бағдар беру. Тағылым сағаты өте әсерлі өтті. Келген қонақтар топпен жұмыс жасай отырып, өздерінің жүрекжарды ұсыныс-тілектерімен бөлісті. Әсіресе, "мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдай біл" атты түлектердің өздерінің таңдаған мамандықтары жайлы пікірлері, мектеп бітіруші оқушыларға ақыл-кеңестері, постер қорғаудағы іскерліктері, қатысушылардың ойынан шығып, қызықты әсер қалдырды. 10 -сынып оқушылары да аса белсендікпен қатысып, "еркін микрофон" арқылы аға ұрпақтарға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, алдыңғы буынның тұшымды ойларын тыңдады. "Баталы сөз-балаға азық" дегендей, тағылым сағаты ардагер ұстаздардың жас ұрпаққа берген бата-тілегімен аяқталды.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив