08
ноябрь
2022
#37гимназияға30жыл
ссылка1




3 қараша күні Ыбырай. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының 30 жылдығына арналған «Тағылымы мол білім ордасына 30 жыл» атты ашық есік күніндегі кездесуде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Рүстемова К.М мен Рахимбаева К.К «Біз - біргеміз, берік іргеміз!» атты кездесуге келген гимназияның 2001-2002, 2005-2006 жылдары аралығында бітірген түлектері мен қазіргі таңда әр қалада жұмыс жасап жатқан әріптестермен тренинг өткізді. Тренинг мақсаты - қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып жағымды психологиялық ахуал туғызу, жағымсыз көңіл-күйден арылту, ағылшын тілінде сөйлете отырып позитивті көңіл-күй сыйлау, өзін құрметтеу және еркін сезінуге көмектесу. Тренингті әр елдің көңілді музыка әуенін қоса отырып, ерекше сәлемдесетін елдердің амандасуы арқылы бастап, «Есіміңізді табыңыз», «Кім жылдам?», «Туған күнге сыйлық» сияқты жаттығулар жүргізілді. «Пончо кигізу» атты тренингте ұстаздар мен түлектер бір-біріне ыстық сағынышын, тілектерін, бүгінгі сезімдерін білдіріп, соңында «Күн шуағы» кері байланысы жүргізілді. Англия символдарымен безендірілген фотозона бұрышында жаңаша стилде жасалған әр түрлі көңілді сөздер жазылған табличка-суреттермен естелік суреттерге түсті.







