26
декабрь
2022
"Жаңа жыл — жақсылықтың жаршысы" 26.12.2022 жыл күні гимназия дәстүріне сәйкес 2- сынып оқушыларына жаңа жылдық мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында ұстаздар мен жас мамандар бірлесіп қойылым қойды. "Өнерге қанат қаққандар" үйірмесінің оқушылары мен "Балауса" бишілер тобы бастауыш сыныптарға өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар жаңа жылдық мерекені көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алды. Жаңа жыл баршаларыңыздың отбасыларыңызға жақсылығын ала келсін!