17
март
2023
“Ұлыстың ұлы күніне” орай гимназиямызда “Жас Ұлан”, “Гимназия Парламенті” бастамасымен «Наурыз жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде І ауысым бойынша 8-10, ІІ ауысым бойынша 7 сынып оқушылары ұлттық тағамдар мен ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын ұсынды. Оқушыларымыз бен гимназия ұжымы жәрмеңке ұйымдастырушыларын қолдап, ұсынылған өнімдерге көп сұраныс білдірді. Бұл күні жәрмеңке тек сатылым ортасы емес, жоғары көңіл-күй, достық атмосферасының алаңына айналды. Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, ұлықтайтын, заман талабымен ұйқастыра білетін оқушыларымыз алдағы уақытта да жиі жәрмеңке ұйымдастыруды ұсынды.
ccылка1