30
март
2023
Гимназиямыздың “Өзін-өзі басқару” ұйымының бастамасымен “Таза аула - таза ғаламшар” экологиялық акциясы іске қосылды.
Еріктілер акция барысында белсенділік көрсетіп қана қоймай, гимназия ауласын тазалау арқылы өзге оқушыларға үлгі-өнеге бола білді. Әр бейсенбі сайын оқушылар мен ұстаздар арасынан құралған “Еріктілер” тобы акцияны жалғастырады деп сенеміз! Ұйым еріктілері кезекті 10 сынып оқушыларына жолдайды! Ортақ мекеніміз таза болсын! Себебі, біздің ниетіміз таза, әрекетіміз саналы!