05
апрель
2023
“Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ-нің кәсіптік бағдар беру маманы бірлескен қызмет негізінде “Радиотехника мен байланыс колледжі” ҚМҚК-нің ашық есік күніне 9 “Ә”, 9 “Б” сынып оқушыларын экскурсияға апарды.
Экскурсия барысында оқушыларымызға колледждің студенттеріне арнайы жабдықталған аудиторияларды, зертханаларды таныстырды. Мақсаты - 9 сынып оқушыларына колледждің бағдарламасымен таныстыру, талаптары және мамандықтары жайлы ақпарат беру. 9 сынып оқушыларының назарына: Радиотехника және байланыс колледжінің сайтына кіріп, заманауи мамандықтарымен танысыңыздар!
