16
октябрь
2023
"Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру бойынша және Алаш азаматтарын ұлықтау мақсатында 12-13 қазанда М.Дулатұлының "Оян, қазақ " фильіміне барып қайтты.
Бұл фильм біз үшін маңызы өте зор болды. Қазақы болмысымызды, қазақ тілінің сөйлеу мәнерін қаз-қалпында бұзбай жеткізе білді. Халқымыз үшін күресіп кеткен М.Дулатұлы сияқты ұлт зиялыларын, Алаш арыстарының өмірімен, бастан кешкен қиындығын көріп, көзімізге жас келді. Тарихымызды біліп, салт-дәстүрімізді үнемі құрметтеуіміз керектігін, өз Отанымыздың патриоты болу басты мақсат екенін сезіндік. Кеудемізді мақтаныш кернеді. Қамтылған сыныптар: 7-10 сыныптар. Ұйымдастырушы: Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Турсумбаева Ш.А. және сынып жетекшілер.
ссылка1
ссылка2
ссылка1
ссылка2





