23
январь
2024
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 8-сынып оқушыларының қатысуымен "Бала құқығын сақтау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
"Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы Узбекова Аружан қатысушыларды бала құқығына қатысты құжаттармен таныстырып, осы тақырып төңірегіндегі сандарды сөйлетті. Оқушылар жағдаяттық тапсырмалармен жұмыс атқарып, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында әр қатысушы өзінің құқықтарымен бірге міндеттерінің де қатар жүретінін ұқты.
#біртұтастәрбиеАбайоблысы
#жасұлан
#өзінөзібасқару
#балақұқығы
