30
январь
2024
Гимназия кітапханасы ата-аналарға арналған “Баланы кітап оқуға баулудың жолдары”атты бейнебаянын ұсынады.
Кез келген ақпаратты алу үшін ғаламторға жүгінетін көптеген оқушылардың кітап оқуға ынтасы жоқ. Мұның бірден бір себебі бала ерте жастайынан ұялы телефон, түрлі планшет, гаджеттермен өседі. Дегенімен әрбір ата-ана кітаптың бала миының өсіп дамуына, рухани өсіп жетілуіне зор үлесі бар екенін білуі тиіс. Баласының дамып, жетістікке жетуін қай ата-ана оң көрмесін. Бірақ ол кітап оқымай болмайды. Кітап оқу миға жаттығу секілді. Қағаз парақтап, әр сөзіне үңіле оқығанға не жетсін. Осы кезде баланы көптеген кітаппен танысуына септігін тигізетін кітапхананың жөні бөлек. “Оқуға құштар мектеп “жобасы мен “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында гимназия кітапханасы 2020 жылдан бері 464 отандық, фантастика, қазіргі проза, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықты. Әсіресе балалар арасында достық, ғажайып пен магия оқиғасы бейнеленген Д.Роулингтің “Гарри Потер” кітабының қазақша нұсқасы.
Құрметті ата-аналар сіздерді баламен бірге кітап оқитын гимназия кітапханасындағы Коворкинг аймағына күнде сағат 15-00 де өтетін “Оқу сағатына” шақырамыз.
ссылка1Құрметті ата-аналар сіздерді баламен бірге кітап оқитын гимназия кітапханасындағы Коворкинг аймағына күнде сағат 15-00 де өтетін “Оқу сағатына” шақырамыз.
