08
февраль
2024
2024 жылдың 01 ақпан күні 9«Б» сыныбында «Дүниежүзілік сайлау» күніне орай «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі және сайлаушылар құқықтары жайлы мәселе қозғалды. Сайлау және сайлаушылардың міндеттері мен құқықтары жайлы ақпараттар беріліп, бейнематериал көрсетілді. Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар берілді. Білім алушылар жағдаяттық тапсырмалардан шыға білді. Белсенділік танытқан оқушыларға тәттілерден сыйлықтар берілді. Дөңгелек үстел соңында құрметті қонағымыз, гимназиямыздың тарих пәні мұғалімі Жумаксанова Г.М. тақырып бойынша тың ақпараттар беріп, оқушылар қызыға тыңдады.
Сынып жетекшісі Болсынбекова Ш.Ж.
Шәкәрім атындағы университеттің 4-курс студенттері Бақытова Аида, Сабыров Нұржан, Уақасов Ернұр.
ссылка1Сынып жетекшісі Болсынбекова Ш.Ж.
Шәкәрім атындағы университеттің 4-курс студенттері Бақытова Аида, Сабыров Нұржан, Уақасов Ернұр.
