04
март
2024
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында шырайлы көктемнің әсем жаршысы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай гимназия қабырғасында "Гимназия аруы - 2024" байқауы өтті.
5 кезеңнен сүрінбей өткен арулар көрермендерді өз өнерлерімен, білімдерімен, көркімен тәнті етті.
Оқу ошағының Инстаграм парақшасында үш күнге созылған "Like time" кезеңінде ең көп дауыс жинап (1 680 дауыс), "Көрермендер көзайымы" номинациясымен 10"Ә" сынып оқушысы Тұрлыбек Еркежан марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша, үздіктердің үздігі болып, БАС ЖҮЛДЕ иегері 10 "Б" сынып аруы Сексенбай Фариза танылды.
1-орын - 10"Ә" сынып оқушысы Тұрлыбек Еркежанға бұйырса, 2-орынды 10 "А" сынып оқушысы Габидоллаева Дарина мен 10 "В" сынып оқушысы Ертай Еңлік өзара бөлісті.
Аруларымызды марапаттарымен құттықтай отырып, қазақтың қызы деген ғажап атқа лайықты болуларына сенім білдіреміз.
ссылка1ссылка2
#біртұтастәрбиеАбайоблысы
#атааналардаықолдауорталығыабайоблысы
#гимназияаруы2024
#37гимназия
#semey8nauryz
